Бүгін: 10.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!

Бұл мереке әрқашан ерекше көңіл-күй сыйлайды, аяқталған істердің жақсы нұрымен, өмір жолының жаңа кезеңінде жетістік пен сәттілік күтудің қызықты сезімімен толтырады.

 Алдағы 2024 жыл сүйікті қаламыз үшін мерейтойлық жыл болатыны белгілі. Өзінің 70 жылдығы қарсаңында Саран қаласында жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа өндірістер аша отырып, индустриялық аймақты кеңейту, жүздеген отбасы жаңа үйлерде жайлылық тапты, қаланы абаттандыру, маңызды қоғамдық орындар құру сияқты елеулі өзгерістер болғанын атап өткен жөн.

Біз кішкентайдан үлкенге дейін жерлестеріміздің қала мен елдің қоғамдық өмірінің түрлі салаларындағы табыстары мен жетістіктерін мақтан тұтамыз. Баршаңызға өңіріміздің өміріне белсенді қатысып, қолдау көрсеткендеріңіз, түсіністік білдіргендеріңіз, жасампаз еңбектеріңіз және туған өлкеге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Өз күшімізге, ынта-жігерімізге, жауапкершілігімізге деген сенімділік барлық болашақ жоспарларды жүзеге асыруға, өмірімізді қызықты, оқиғаға толы және жарқын етуге көмектесетініне сенімдіміз.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық тілейміз. Үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік пен келісім орнасын! Жаңа жылда барлық жақсы бастамаларыңыз бен жоспарларыңыз сәтті жүзеге асырылсын!

Жаңа жылдарыңызбен!