Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Экстремизм (фр. exremisme, лат. extremus - төтенше) - бұл қоғамдағы нормалар мен ережелерді түбегейлі жоққа шығаратын экстремалды көзқарастар мен іс-әрекеттерді ұстану. Экстремизмнің негізгі негізі – қандай да бір идеялық мазмұнмен және мағынамен толтырылған агрессивтілік. Экстремизмді әртүрлі әлеуметтік немесе мүліктік жағдайы, ұлттық және діни құрамы, кәсіби және жоғары білім деңгейі бар және т.б. бар адамдар жүзеге асыра алады. Қазіргі таңда жастардың экстремистік мінез-құлқының өзіндік ерекшелігі бар: ұлттық, діни және саяси себептермен зорлық-зомбылық жасау. Экстремизм ауқымдылығы бойынша келесідей ерекшеленеді: жеке индивидтің экстремистік көріністері; шағын топтардың (100 адамға дейін) және ірі топтардың (100 адамнан астам) экстремистік көріністері; мемлекеттер мен ұлтаралық бірлестіктердің саясатындағы экстремистік көріністер.

Экстремизмнің түрлері ортақ белгілермен сипатталады: зорлықзомбылық немесе оның қауіп-қатері (әдетте қарулы күшпен); бір өлшемділік, әлеуметтік мәселелерді қабылдауда біржақтылық, сондайақ оларды шешу жолдарын іздеу; өз принциптері мен көзқарастарын қарсыластарға тануға деген ұмтылыс; кез-келген бұйрықтар мен нұсқауларды сөзсіз орындау; сезімдер мен инстинкттерге сүйену, бірақ ақылға емес; толеранттылыққа, ымыраға келуге немесе оларды толығымен елемеуге қабілетсіздік. Экстремизм шектен тыс радикализммен, терроризммен және нигилизммен ұштасады. Экстремизмнің себептері азаматтардың бір бөлігінің әлеуметтік бағдарлануында, тиісті білімнің болмауында, қоғамның дағдарыстық жағдайында, сондай-ақ құқықтық жүйенің тиімсіздігінде жатыр. Экстремизм саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни және қоғамдық өмірдің басқа салаларында жиі кездеседі. Экстремизм – қазіргі заманның өткір мәселесі.

Бүгінгі ғылыми айналым мен саясатта экстремизмнің себептеріне байланысты екі бағыттағы пайым басымдыққа ие. Ең алдымен бізде жиі қолданылатын және исламға, басқа діндерге көлеңке түсіретін «діни экстремизм» термині туралы. Бүгін әдебиетте «зорлықшыл экстремизм» терминін қолданғанды жөн көреді. Бірінші бағыттағы ғалымдар зорлықшыл экстремизмді туындататын түбегейлі себептер бар деп санайды. Экстремизмнің мұндай себептері санатына әртүрлі діндер өкілдерінің мәдениет, тіл, еңбекке орналасу, қызмет ету, еңбекақы салаларындағы теңсіздігі, ұстаған дініне байланысты саяси қудалануы және тағы басқалар жатқызылады. Бұл бағытты зерттеушілік бағыт деп атайды.  Екінші бағыт өкілдерінің пікірінше, экстремизмнің себептерін анықтау оны ақтаумен пара-пар. Экстремизмнің ешқандай өзіндік объективті себептері жоқ. Ол экстремистердің, фанатиктердің қалыпты жағдайды талқандап, саяси билікке қол сұғуды көздеген зымиян пиғылынан туындайды. Бұл бағытты практикалық бағыт деп атайды. Біріншісін ғалымдар жақтаса, екіншісін үкіметтік ұйымдар, полиция өкілдері, әскерилер, қауіпсіздік құрылымдар қызметкерлері қолдайды. Бірақ себептерсіз қақтығыстардың болмайтыны белгілі. Бұл екі ба-ғыт бір-бірін толықтырып тұр.

«Араб көктемі» деп аталған араб елдеріндегі жағдай біздің елде болуы мүмкін бе?» – деген сауал соңғы кезде жиі қойылады. Қазақстанның Араб елдерімен сырттай ұқсастықтары бар. Экономиканың негізінен шикізатқа негізделуі, жұмыссыздық, әсіресе, білімді жастар арасындағы жұмыссыздық, моноцентристік саяси жүйе, жемқорлық, кландық бөліну, ауылдық жерлердегі халық тұрмысының әлі де болса төмендігі. Алайда, Қазақстан халқы Кеңестер заманының талай тар жол, тайғақ кешуінен өткен, партократияның қазақтың тіліне, мәдениетіне зорлығын көрген, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында дағдарысты бастан кешкен. Сондықтан олардың басым көпшілігі қазіргі заманға шүкіршілік етеді. Халықтың негізгі бөлігінің басында баспанасы, жұмысы бар, ол елдермен салыстыр-ғанда біздің тұрмысымыз жоғары.

Экстремистік ахуалдың қалыптасуына бір-біріне керағар екіұдай жағдай дем береді. Бір жағынан – көзге ұрып тұрған халық табысының көлеміндегі айтарлықтай алшақтық, аста-төк той-томалақ, жерлеу рәсімдері, жемқорлық және басқа исламдық өмір салтына жат фактор-лар. Екінші жағынан – кедей-кепшік, маргиналдар, жұмыссыз жастар және оларды қолдаушы өзге де әлеуметтік топтар. Бұл ретте мынадай қорытынды ойға оралады: «Бүгінгі қазақстандық террорист дегеніміз кім? Бұл сұраққа статистикалық мәліметтерге сүйеніп мынадай жауап беруге болар: Бас прокурор Ж.Асанов «Қылмыс жасағандардың 84 пайызы жұмысы жоқ азаматтар» деп түйді. Сотталған террористердің 60%-ға жуығы 29 жасқа дейінгілер. Басқаша айтсақ – жастар. Олардың 95%-ы, жұмыссыз болған. Осылайша, Қазақ-стандағы террористің портреті айқындалады: бұлар – өмірден өз орнын табуға ұмтылып, бі-рақ оны таба алмаған жастар. Көбінесе, жұмыссыздар, жақсы білім ала алмай, келешегінен күдер үзгендер. Криминометрика болжамы бойынша, қоғамдағы шиеленістердің өз өлшемдері бар. Жан басындағы орташа табыспен террористік әрекет арасында тікелей байланыс жоқ. Террорлық қылмысқа кедей отбасынан шыққан жастар да, дәулетті отбасынан шыққан жастар да барады.

Азаматтық белсенділік жоқ жерде экстремистер күш алады. Бүгінгі жағдайда БАҚ, ғылым, мәдениет пен білім салаларында исламның өзге бағыттарына да, басқа діндерге де төзімділік танытатын ханафитік исламды мемлекеттің ұстануы өте орынды. Қалыпты жағдайды бұзуға ниетті бүлдіргіш күштерге қарсы мәдени-ақпараттық майдан ашу аса маңызды. Бұл күрес қазақ мәдениетін, дәстүрін, тілін, халқымыздың түбегейлі рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау жұмысымен қатар жүргізілуі тиіс. Провинциялық-колониалдық санадан шынайы өмірде ұлттық құндылықтарды белсенді түрде орнықтыру мәселесін кешеуілдетпей шешуге көшуіміз қажет. Экстремистік идеология ұлттық идея ар-қылы және де оған қазақтың шынайы менталитеті мен дүниетанымының озық элементтерін қарсы қою арқылы ығыстырыла алады. Өңірлерде бабалардың таным-сенімін, діни қайраткерлердің, имамдардың тарихи болмысын, сондай-ақ, ханафит мәзһабы мешіттерінің қазақ халқын тәрбиелеу ісіне қосқан үлесін зерделейтін ғылыми-зерттеу жұмыстарын өрістету қажет. Бүгінгі экстремизмнің қауіп-қатері өршіп тұрған кезеңде ақпараттық, мәдени және ғылыми саясатты әлеуметтік-мәдени құндылықтарға негіздеп түбегейлі түрде қайта құру – кезек күттірмейтін мәселе. Әйтпеген күнде, теріс тенденциялар күш ала бермек. Бір сөзбен айтсақ, идея мылтықпен емес, тек идея арқылы ығыстырылуы тиіс. Кезінде Платон айтқандай, өз еліңде жауыңның болуы мүмкін емес. Егер де қарсыластарың, келіспеушілерің болса, онда оларды сабырмен ақылға шақырып, ымыраға келген жөн. Сөйтіп, олардың өмірін сақтап қалуға жұмыстану қажет, өйткені, шалыс басқанның бәрі бірдей жау емес.

А. Қозыбағаров,

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің оқытушысы