Қарағанды облысында қызылшаның тіркелуі жалғасуда, барлығы 2023 жылдан бастап 2024 жылғы 22 қаңтардағы жағдай бойынша қызылшаға күдікпен 1468 жағдай тіркелді, оның ішінде 991 жағдай зертханалық жолмен расталды (67,5%). Қызылшамен сырқаттанушылықтың тіркелуі вакцинацияланбаған адамдар арасында жалғасуда (88%).
Жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалар басым (70%), олардың жартысынан көбі 5 жасқа дейінгі балалар.
2024 жылдың басынан бастап 22 қаңтардағы жағдай бойынша 372 жағдай тіркелді, оның ішінде 186 жағдай (48,6%) зертханалық расталған.
Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациямен қамтудағы олқылықтарға байланысты сырқаттанушылықты тіркеу облыстың барлық аумағында байқалады.
Вакцинацияланбаған адамдардың болуы және тұрғындар арасында белсенді көші-қон инфекцияның тез таралуына ықпал етеді. Қызылшаның жұқпалылығы өте жоғары болғандықтан, вирус ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан және сыртқы ортада өте төзімді болуына байланысты - қызылшамен ауыратын науқастармен байланыста болған кезде вакцинацияланбаған және ауырмаған адамдардың барлығы дерлік ауруға шалдығады.
Бұл аурудан қорғаудың жалғыз жолы - вакцинация. Қызылша бойынша қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазіргі уақытта облыста инфекцияның және оның асқынуларының одан әрі таралуын болдырмауға мүмкіндік беретін қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізілуде.