Біздің елімізде ұлтына және сеніміне қарамастан,әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр,мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға жақсы жағдай жасалған.
Біз бірге болуымыз керек, бірлік болмай тірлік болмас деген нақыл сөз ата бабамыздан келе жатқан асыл сөз. Соны біздер қазақ халқының республикасында тұратын барлық ұлттардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге рухани құндылықтарын дамытуға бағытталуып жатқанын атап өтпесек болмас.
Қазақстан халықтарының Ассамблиясы құрылғалы бері еліміздің патриоттық күшін біріктірген жаңа қоғамдық институттың дамуына бағытталуы Қазақстан халқының форумында Елбасымыз еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі орны осы Ассамблеяны құру туралы бастама көтерілді. Ол жас тәуелсіз мемлекетіміздің жаңадан тәй-тәй басып, экономикалық, әлеуметтік және саяси негізі қаланып, демократиялық қоғам құруға бет құрған кезеңі еді.Қазақстанның ұлттық саясаты барлық этностардың экономикалық және кешенді дамуын,этносаралық келісімді,э тностар арасындағы достық пен бірлікті, өзара көмекті ескере отырып дамуда.Сол себептен елімізде бірлік пен келісімнің Ассамблеясы құралды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өзінің атқарған істері арқылы қоғамдық қатынасты қалыптастырудың экономикалық дамуының жаңаша Қазақстандығы үлгісі – осы мерзімге дейін ұлттық бірлік- бейбітшілік пен келісімде екенін дәлелдеп келеді десек артық емес . Қазақстандық саяси жаңашылдықтың нәтижесін этностар арасындағы достықты , татулық пен сыйластықты бекітудің құрамына айналды.
Халықтар достығы- қазақ халқының көңілінің дарқан кеңдігі, пейілімнің молдығы арқасында Қазақстандық үлгі-ұлтаралық келісім этностардың татулығына арқау болып отыр. Достық пен ынтымақ бар жерде татулық берік орныққан елде ғана ұлтаралық келісім болады.
«Ұлттық келісім мен Қазақстандық біртұтастық пен жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда мәдени орталықтар жүзеге асырып келеді және бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының талап тұрығысында ұйымдастырылып, алдына қойған мақсаты.
Бүгінгі таңда ұлттық мерекелер Халқымыздың бейбітшілік пен келісімінің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы айрықша дәстүрге айналды. Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қасиеттер екенін дәріптейді.
Еліміздің барлық этностар арасындағы шынайы келісім мен бірлікте тұрмыс кешуі, ең алдымен қазақ халқының ата-дәстүрі мен табиғи кеңпейілдігі,ұлттық дінінің кеңдігі арқасында.
Бейбітшілік пен келісім және осы бағыттан таймай жүрген халқымыздың ұлттық бірлігі.ҚР Конституциясы тұтастықтың, татулықтың кепілі болғандықтан Қазақстан халқы түсіністік, достық, бейбітшілік және келісім жағдайында бейбіт өмір сүріп келеді. Статистика деректері бойынша, елде 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар екені белгілі. Этностар мен діни қауымдастықтардың осыншама көп екеніне қарамастан, елімізде ешқандай келіспеушілік, дүрдараздық белең алмаған және алмауы да тиіс.Барлық ұлт, барлық дін өкілі Мәңгілік Қазақстанымызды ортақ Отаны санайды. Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың екіншісі қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім . Бұл бәріміздің жадымызда мәңгілік сақталатыны сөзсіз.Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Өйткені, бейбіт өмір – бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар болашаққа өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал, ұрпағының амандығы – келешегінің кемелдігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде. Бірлікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу – қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің бірі деп айтуға болады. Сауатты да саналы, парасатты елдің ұрпағы өткеніне көз жіберіп, ата-бабасының жолынан сабақ алары ақиқат. Сонысымен тарихын бағамдап, келешегін кемелдей түседі. Біз де өткенімізге үңіле қарайықшы. Қазақ халқы да тағдырдың талай қатал сынын басынан кешті. Салдарынан жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі әлсін-әлсін қайталанды. Соғыстар, көтерілістер, онан қалды ашаршылықтар мұның барлығы халықтың қырылып, азып-тозуына әкеп соқты. Әйтседе, «мың өліп, мың тірілген» бабаларымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруының нәтижесінде бүгінгі бейбіт аспанға қол жеткізді. Қай ұлт, қай ел болмасын бейбітшілікті, бірлікті, ашық аспан мен бақытты, терезесі тең, керегесі кең елдер қатарында болуды аңсайды. Өйткені, татулық пен келісім, бейбітшілдік пен тұрақтылық бар елді бақыт өзі іздеп келеді. Қабан (Қабылиса) жырауда: Бақыт қайда барасың? Көршімен болған бірлігі, Тағат, ғибадат тірлігі Ұйымшыл елге барамын, – деп жырлаған екен. Бабаларымыздың мұндай жырлары талай санаға сәуле құйып, түсінген жанға үлкен үгіт болатыны сөзсіз. Иә, адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады. Халқының қамын жеген Әлихан Бөкейханов: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» – деп ынтымақ-бірлікке үндеген. Ал, ынтымақ-бірлікке апаратын жол халықтың өзара тату болуы. Дана халқымыз: «Татулық табылмас бақыт», «Жолдасы көптің – олжасы көп» – деп тектен-тек айтпаса керек. Хакім Абай атамыз: «Татулықтан артық жолдас жоқ» – деген. Бейбітшілікте, есендікте өмір сүруге ұмтылу қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз. Бүгінде азат ел атанған, өзін әлемге ынтымағы жарасқан ел екендігін мойындата білген Қазақстан – ғаламдық татулықты сақтау мен нығайту ісінде өзге елдерге үлгі екені жасырын емес. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» дейді ұлы халқымыз. Расында халықтың ынтымағы мен ауызбірлігін сақтау әрқашанда маңызды болып қала бермек. Кешегі бабалар өмірі де мұны бізге сабақ етеді.
Ақтас кентінің мәдени сауық орталығында «Ақ шаңырақ» әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қайта дамыту бірлестігі қазіргі таңда өзге ұлт өкілдерімен бірлесе отырып мәдени-шаралар өткізіп отырамыз және татулық пен бірлігіміз басым.Бір шаңырақ астында бір жағадан жең, бір эжеңнен қол шығарып мәдени шараларды бірлесе өткіземіз. Атап айтсақ «Якташлар» татар-башқұрт этносы, «Актасские зори» ардагерлер хоры. Халық бірлігі-мемлекеттілігі негізі қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана алдымызға болашағы күшті,өркендеп дамыған қазақстан елі туралы мақсаттар қоя аламыз. Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның гүлденіп, өркендеуінің кепілі.
С. Супьянова,
“Ақ шаңырақ”ЭМБ-нің жетекшісі