Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсең, дін де осында, ғылым – білім де осында, әулиелік те осында».

                                                   Мәшһүр Жүсіп

Тіл – қасиетті, құдіретті,  киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ  сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай  қиындықта да, тіл өз ұрпағының жанында өміршең күй кеше береді.

Тіл  байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Тіл – қай елдің, қай халықтың болмасын, алтын қазынасы. Қай елдің болмасын басты байлығы – ұлттық құндылықтары. Тілін, дінін, салт – дәстүрін, тарихын ардақтаған ұлттың болашағы қашан да жарқын.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, тілсіз ұлт болмайды, өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әр ата – баба алдындағы  ұлттық  парызымыз» делінген сөз, ана тіліміздің  маңыздылығына  терең  мән беріп, елімізді мекендейтін барша ұлт өкілдерінің  мемлекеттік тілді тұтастай меңгеруі керектігі нақтылап көрсетілген. Осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш – жігерімізді аямай, еңбек ету ғана керек.

Тәуелсіздікті  алғаннан бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген  мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда.

«Тіл  тас жарады, тас жармаса бас жарады» дейді.  Бойыңда  өнерің болса, тілдің  аспайтың  асуы, алмайтын қамалы жоқ. Біз шыр етіп, дүние есігін ашқаннан  бері,  бойымызға ана сүтімен дарыған қазақ тілін ана сүтінен кем көрмейміз. Әркімнің тілге деген құрметін  өз анасына, өз ұлтына, өз  Отанына деген   құрметінен білуге болады.

Қазақ тілі барда, қазақ  еліде  болады.  Өседі. Өркендейді.

«Тіл  тағдыры  –  ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры  –  ел тағдыры» деген ұранды  ұстанған  қазақ  халқы  осындай  өнерімен,  дарындылығымен  алдағы уақытта талай биік шыңдарды бағындыра  алатындығына  сеніммен қараймыз.

Ж.Джумашева,

Саран қаласының полиция бөлімі