Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
Осы орайда біздің Басқарма әлеуметтік желілерде, ақпараттық стендте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 CALL-орталығының телефоны жарияланған. Сонымен қатар, Басқарманың ресми әлеуметтік желілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер жарияланып тұрады.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормаларын сақтау бойынша құқықтық жаппай оқыту шеңберінде тұрақты негізде семинарлар өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы тікелей байланыс қамтамасыз етілген.
Басқарма басшысының бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген және осы жоспардың орындау бойынша іс-шаралар іске асырып жатыр.
Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Басшының әр аппараттық кеңесінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының және Әдеп кодексінің (оның ішінде әртүрлі материалдық құндылықтарды, қызметтерді қабылдауға тыйым салу мәселесі, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақытта мінез-құлық қағидалары және т.б.) талаптарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті қағидаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мәселесі талқыланады.
Ғимараттың кіре берісінде, бейнебақылаумен жабдықталмаған және басшылық пен мамандар көрінуді болдырмайтын жерде азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Бұйрықпен «сенім телефонына» және «шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне» келіп түскен жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдауға жауапты қызметкер тағайындалған.
Сонымен қатар, Басқарма басшысының жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау күндері, апта сайын дүйсенбі күндері сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін және жұма күндері сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін белгіленген.
Басқарма басшысының орынбасарының жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күндері сәрсенбі күні сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін.
Қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде БАҚ-та мақалалар жазып, әлеуметтік желілерде осы тақырыпта материалдар орналастырады.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған. Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ