Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сауатты жарнама – тіл тазалығының белгісі. ҚР Тіл туралы заңына сәйкес, қаламыздағы маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда  орыс тiлiнде немесе басқа да тiлдерде жазылады.

Қазіргі таңда Саран қаласы бойынша бірқатар  жарнамалық мәтіндерде қате жазылған көрнекі ақпарат немесе мемлекеттік тілге аударылмаған сөздер кездеседі. Анықталған кемшіліктер бойынша мамандар тарапынан   кәсіпкерлерге ескерту жасалып,  заң нормалары түсіндіріледі. Қателіктерді түзетуге 2 апта  көлемінде уақыт беріліп, кейін қайта тексеріледі. Бүгінде  тегін аударма қызметіне күніне 10 –ға жуық кәсіпкер жүгініп отыр. Жедел желі бірегей қызмет көрсету телефоны да өтінімдер қабылдайды.

Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу талабы қазақ тіліндегі мәтіндердің сапалы жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталған. Ал, көрнекi ақпараттың талабына келетін болсақ, мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Көрнекі ақпаратты жариялауда баршаға ортақ талаптарды сақтау-міндет!

А. Нурмаханова,

Саран қаласы әкімдігінің

«Саран қаласының

тілдерді дамыту

орталығы»

КММ директоры