Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Елімізде көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келеді. Саран қаласының білім ордаларында қазірден бастап бұл мерекеге орай іс-шаралар легі ұйымдастырылуда.

Алғыс айту күніне байланысты №6 жалпы білім беретін мектептің сынып жетекшілері  ізгіліктің нұрын шашатын, мейірім мен қамқорлыққа, ізеттілікке баулитын, жаманнан жиренетін, жақсы көркем мінездерге бейімдейтін түрлі тақырыптарда сынып сағаттарын өткізді.

Балаларға мейірімділікті дәріптейтін видеороликтерді назарға ұсынды.

Сондай-ақ, 8-сынып оқушылары арасында «Научи своё сердце добру» конкурстық бағдарламасы ұйымдастырылса, 6-сынып оқушылары өз қолдарымен бояу кітаптарын жасап, 1-сынып оқушыларына сыйға тарту етті. Мектеп қабырғасында дәстүрлі түрде өтетін «Твори добро» челленджін биыл 2 «Б» сынып жетекшісі С.Н. Матвеенко бастап берді.

- Әр сыныпқа педагогикалық еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету, құстарға жем салғыштар мен құс үйлерін жасау, қаңғыбас жануарларға арналған баспанаға көмек көрсету сынды тағы басқа нақты игі істер бекітілген. Білім алушылар барлық іс-шараларға белсенді қатысады,- деп атап өтті № 6 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Антон Чагин.

Одан бөлек білім ордасында мерекеге орай «Благодарность не знает границ» атты сынып сағаты,  білім алушылардың отбасына деген ризашылығын көрсету мақсатында «Атам, әжем, әкем мен анама рақмет!» атты суреттер көрмесі, «Доброе сердце», «Бумеранг доброты»  қайырымдылық акциясы, «Қазақ еліне тағзым» тақырыбында кітап көрмесі мен дөңгелек үстел және «Марафон добрых дел» флешмобын өткізу жоспарлануда.

 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА