Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2024 жылғы 23 ақпаннан 22 наурызға дейінгі аралықта «Біз туберкулезді жеңе аламыз», «Мы можем победить туберкулез», «Yes. We Can End TB» тақырыбында айлық өтеді.

Айлықтың аясында біз халықтың назарын қаламыздың әрбір тұрғыны білуі және басшылыққа алуы керек маңызды шараларға аударғымыз келеді:

Аурудың алғашқы белгілерінде уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек, бұл дер кезінде ем алдудың кепілі!

Егер туберкулезге күдік болса, АМСК (алғашқы медициналық-санитариялық көмек) деңгейінде патогеннің болуын және препараттарға төзімділігін 2 сағат ішінде анықтайтын диагностиканың жылдам молекулалық-генетикалық әдістеріне (туберкулезге арналған ПТР) қолжетімділік бар!

Туберкулезді уақтылы анықтау және үздіксіз емдеу арқылы емдеуге болады!

Туберкулезбен ауыратын адамдар оқи алады, жұмыс істей алады, дені сау балалар туа алады және толыққанды өмір сүре алады!

Туберкулезге қарсы вакцинация балаларды жас кезінен бастап туберкулездің ауыр түрлерінен қорғаудың тиімді жолы болып табылады!

Салауатты өмір салты: дұрыс тамақтану (ет, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде пайдалану), жаман әдеттерден аулақ болу (алкоголь, есірткі, темекі шегу) туберкулез ауруының қаупін азайтады!

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің мақсаты- қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірін сақтау бағытында мақсатқа жету үшін күш-жігерді бағыттап бүкіл қоғамды жандандыру.

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ