Таяуда Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов жұмыс сапарымен Саран қаласына келді.
Іссапар барысында «QazTehna» автобустар, электробустар және арнайы техника шығаратын зауыт пен тұрмыстық техника өндіретін «Silk road electronics» зауытын аралап, 2021-2023 жылдар аралығында облыс әкімінің грантын ұтып алған «Unicum» коррекция кабинетінің иесі Анара Гизатулинамен, «Bon Bon Cinnabon» кондитерлік дүкеннің иесі Крестина Шаравинамен және «Мясо булках» кафесінің иесі Кан Семенмен кездесіп, жұмыс орындарымен танысты.
Одан кейін қалалық мәдениет үйіне Саран қаласының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алғысым шексіз саған, Қазақ елі» атты кітап көрмесі мен «Саран: кеше, бүгін, ертең» көрмесін аралап, қаланың белсенді азаматтарымен кездесті.
- Біздің негізгі міндетіміз – жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Осы бір үлкен жүкті, жауапкершілікті арқалап өткен жылдың шілде айынан бастап барлық қалаларды аралап келеміз, - деп атап өтті Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов.
Сондай-ақ, кездесуде жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мәселесі қозғалды. Осы тұрғыда Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов Саран қаласында жас көшбасшыларының следін өткізуді ұсынды.
Біржан Әлімжанов сапар соңында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің студенттерімен кездесіп, жастарға арналған әлеуметтік жобалар бойынша мағлұмат берді.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА