Саран қаласының әкімі Еркін Баулыковтың төрағалығымен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
«Zoom» платформасында өткен отырыста бірінші болып Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Олжас Кадырканов «Жер учаскелерін (конкурстық негізде, жеке және заңды тұлғаларға) беру жөніндегі жұмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы» мәселесі бойынша баян етті.
Одан кейін Саран қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Төртбаеваның «2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде өткізілген және 2024 жылға жоспарланған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар» тақыбырында дайындаған баяндамасы тыңдалды.
2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Всем миром против коррупции» атты жобасы іске асырылған. Жоба аясында төрт акция өткізілді.
Биыл республикалық деңгейдегі спикерлерді тарта отырып, халықтың нысаналы аудиториялары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 4 дөңгелек үстел мен 4 семинар-тренинг өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, колледж студенттері, оқушылар, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша бірінші рет эсселер, плакаттар, бейнероликтер байқаулары өткізілмек. Сауалнамалар мен үш ауқымды акцияны жүргізу жоспарда бар.
Отырыс соңында қала әкімі күн тәртібінде көтерілген мәселелерді нақтылап, пысықтап, жауапты тұлғаларға тиісінше бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА