Қазақстан - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты басты қағидат ретінде ұстанған және әлемге де этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделін көрсете білген ел.
Тұғыры биік, тәуелсіз мемлекетіміздің ең үлкен жетістігі – ел азаматтары арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің артуы, халқымыздың бірлігі. Әлемдегі ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, береке-бірліктің маңыздылығын танытып келе жатқан мемлекеттер саусақпен санарлықтай болса, соның ішінде көштің басын бастап 130-дан астам ұлт пен ұлыстың тату-тәтті, бейбіт, бір-біріне туысқан, ағайын болып өмір сүріп жатқан Қазақстан бүгінде көптеген әлем елдеріне үлгі өнеге деп айтсақ, асыра айтқанымыз емес.
Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық.
Бүгінгі таңда әлем бойынша түрлі қақтығыстар мен тұрақсыздықтардың басым көпшілі өзара түсіністіктің жоқтығынан туындап жатқанын ескерсек, еліміздегі ауызбіршіліктің маңызы зор екенін түсінеміз.
Еліміз халықаралық аренада басқа мемлекеттерге үлгі бола алатындай еңселі де, мазмұнды істерді атқарып келеді. Сондықтан да конфессияаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етудің керемет үлгісін көрсете білді. Қазақстанның қол жеткізген жетісітігі - еліміздегі тұрақтылық, ұлтаралық, дінаралық келісім. Бүгінде ұлтаралық келісім мен этносаралық қатынастарды дамытып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы зор.
Еліміздің ішкі тұтастығы мен тыныштығын сақтау - баршамыздың азаматтық борышымыз.
Г.Ханафина,
қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі