Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілері 2 топқа бөлінеді: бұл эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер және эпидемиологиялық маңызы болмашы объектілер.
Маңыздылығы жоғары эпидемиологиялық объектілер үшін объектінің сәйкестігі туралы санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды сияқты рұқсат беру құжатын алу қажет.
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-сі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ - 336/2020 бұйрығына сәйкес келесі мемлекеттік қызметтер көрсетуді және беруді жүзеге асырады:
- «Жоғары эпидемиологиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру».
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-өтініш түскен сәттен бастап 13 жұмыс күні.
Қажетті құжаттардың тізбесі-бұл көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш және зертханалық аспаптық зерттеулерге/ сынақтарға сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер/ сынақтар хаттамаларының электрондық көшірмесі.
- «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні болып табылады.
Қажетті құжаттар тізімі-көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш және жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі.
- «Тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні болып табылады.
Есептік нөмірді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен және өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесімен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш беру қажет.
Мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін сізге электрондық цифрлық қолтаңба алу, электрондық лицензиялау веб-порталында авторизация процесінен өту, қажетті мемлекеттік қызметті таңдау, мәліметтер нысанын толтыру және қажетті құжаттар тізбесін бекіту қажет. Содан кейін электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойыңыз.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Объектінің немесе жобалау құжаттамасының халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актімен сәйкес келмеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде, яғни 10 жұмыс күні ішінде сәйкессіздік себептерін көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын немесе қолданылу мерзімі өткен құжатты толық ұсынбаған жағдайда, басқарма қызметкері өтініш келіп түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартудың себебін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 19-бабының 5-тармағына сәйкес қосымша немесе қайталама зерттеулер/сынақтар жүргізбестен рұқсат беру құжатын қайта ресімдеуге құқығы бар.
Құжатта қателер немесе қате басу анықталған жағдайда ЖК, яғни өтініш берушіні қайта тіркеу, оның атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту, заңды тұлғаның, сондай-ақ өтініш берушінің немесе өнімді дайындаушының атауын немесе орналасқан жерін өзгерту, объектінің орналасқан жерінің мекенжайын оның физикалық орын ауыстыруынсыз өзгерту, ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес түзету келіп түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2024 жылдың 3 айында басқарма мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша келесі түсіндіру іс-шаралары өткізілді: сұқбаттар, дәрістер, Басқарма қызметкерлерімен және ведомтсволармен семинарлар, сондай-ақ әлеуметтік желілерде материалдар, инфографикалар, бейнероликтер, жарияланымдар жарияланған, сонымен қатар, қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсінік беру масатында тікелей эфирлер өткізілді, жергілікті «Саран газеті» газетінде мақалалар жарияланды.
Барлық қызметтер «Е лицензиялау» АЖ арқылы электронды түрде көрсетілген.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды, дәлелді бас тартуларды ресімдеудің толықтығы мен сапасын бақылау қамтамасыз етілген.
Басқарманың кеңсесінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары көрсетілген стенд орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Сіз 8(72137)76782 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз.
«Саран қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ