10 ақпан күні қалалық мәдениет үйінің мәжіліс залында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының спикері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту пулының мүшесі Руслан Токатов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің жобалау кеңсесінің басшысы Малика Кусенбаеваның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Оған мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлері қатысты.
Бірінші болып сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің жобалау кеңсесінің басшысы Малика Кусенбаева бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың қарқынды жүріп жатқандығын айтып, мемлекеттік сатып алуды жүзуге асыру қағидаларымен бөлісе кетті.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының спикері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту пулының мүшесі Руслан Токатов болса, ашық форматта қатысушылармен тілдесе отырып, «Парасаттылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру және парасаттылықты насихаттау мен мемлекеттік қызметшіде адалдық қасиеттерін қалыптастырудың алғышарттарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына тоқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда: «Бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырамыз. Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді. Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді»,- деп атап өткен болатын.
Сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресудің ең тиімді тәсілдерінің бірі-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды насихаттауға және қоғамдық құқықтық сананы дамытуға бағытталған ағартушылық және білім беру іс-шараларын қамтитын профилактикалық іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА