Бүгін: 05.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

15 сәуір күні Саран қаласының «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жиын залында Қарағанды облысы білім басқармасы мен Саран қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Саран қаласының 70 жылдығына арналған білім беру ұжымдары арасындағы қалалық КВН ойыны өткізілді.

Қазақ және орыс тілдерінде өткен дәстүрлі әзіл-ысқақ сайысына алты білім беру ұжымы бақ сынаған.  Сақадай сай дайындалған КВН топтары ең алдымен өткір әзілмен өздерін таныстырса, ойынның екінші бөлігінде «Үй тапсырмасы» кезеңі бойынша жарысқа түскен.

 Ал олардың дайындығын, сөз саптауы мен сахна мәдениеттілігін қазылар алқасының құрамында болған: Саран қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Дәурен Бейсен, қалалық білім бөлімінің әдіскері Алима Кошикова, балалар өнер мектебінің педагогі Виктория Аханова бағалаған.

Тартысқа толы ойынның қорытындысы бойынша №2 жалпы білім беретін мектептің «Весенние листочки» КВН тобы «ЭРУДИТ» номинациясын, № 6 жалпы білім беретін мектептің «Уже не дети» КВН тобы  «КРЕАТИВ» номинациясын иеленді. Ал №7 мектеп-интернатының «Күлкі витаминдері» КВН тобына ІІІ орын бұйырды. «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығындағы «JCI» қазақша КВН мектебі үйірмесінің оқушылары «Ақтас ұшқындары» КВН тобы жүлделі ІІ орынға  жайқасты. І орынмен  №1 мектеп-лицейінің «Головы забыли» КВН тобы марапатталды. Бас жүлдені былтырғы мектепаралық КВН ойындары чемпиондары Саран қаласының «Бахыт» кешенді мектеп – бөбекжайының «Симпл - димпл» КВН тобы иеленді.

Барлық топтар өз деңгейінде жақсы ойын көрсете білді. Мектеп оқушыларының ең басты мақсаты - білім алу. Дегенмен, мәдени бос уақыттарын осындай достық кездесулермен өткізіп отырса, балалар жан-жақты дами түседі деген ойдамыз. Барлық қатысушыларды шын көңілден құттықтаймыз және шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

 

 

А. Мұсабеков,

Саран қаласының «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық

орталығының қосымша білім педагогі, «JCI» қазақша КВН мектебі үйірмесінің жетекшісі.