Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
1 мамыр – Ұлы Дала Елінің көпұлтты халқының күнтізбесіндегі айтулы дата.
Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» деген. Бір-біріміздің тілімізді, әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді құрметтеу арқылы біз бүкіл әлемге толеранттылық пен өзара түсіністіктің нақты үлгісін көрсетеміз.
Жетпіс жылдық тарихы бар Саран қаласында достық пен бірлікте әртүрлі ұлт өкілдері тұрады.
Ел бірлігі – баға жетпес байлығымыз. Біз бәріміз бір отбасымыз. Осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап қалу үшін және нығайтуға әрқайсымыз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Мереке құтты болсын, қымбатты жерлестер!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, мол бақыт пен амандық тілейміз. Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы өсіп, өркендей берсін!