24 сәуір күні Саран қаласының мемлекеттік архивінің жеке жоспары бойынша Саран қаласының Прокуратурасымен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты қалыптастыру мақсатында архив қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын насихаттау бойынша «Жемқорлық індет – жою міндет» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл отырысқа Саран қаласының прокуроры Қапар Исламхан Сейітханұлы қатысты. Отырысты ашқан архив басшысы Айдын Кулжанбеков ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жарлығымен ҚР 2022-2026 жылдарға бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасының маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде прокурор Қапар Исламхан Сейітханұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру болып табылатындығын, оған әрбір азаматтың ортақтасуы қажеттігін баса айтты. Аталған пікірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жауапты жоғары санатты архивист А.З.Уалибекова, бұл бағытта ай сайын іс шара өткізілетіндігін үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмдерін нығайту, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтар туралы құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау туралы пікір алмасты.
Жемқорлық – індет, жою – міндет. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. Сыбайлас жемқорлық — ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс.
Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе. Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.
Қорыта айтқанда, қоғам үшін қауіпті дерт — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу — барша қазақстандықтардың міндеті мен талабы болу керек. Олай болса Қазақстанның әрбір азаматы қоғамның жанашыры болып, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуіміз қажет. Сонда ғана сыбайлас жемқорлықтан таза «Мәңгілік Ел» боламыз.
Айдын Кулжанбеков,
Саран қаласының
архив басшысы