Бүгін: 23.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында 26 сәуір күні «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында «Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» V аймақтық слеті өтті.

Слетті ұйымдастырудың басты мақсаты - ерте кәсіптік бағдар беру негізінде мектеп білім алушыларында мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарын, педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту. Слетқа «Педагогикалық сынып» жобасы аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжіне бекітілген Қарағанды облысындағы 8 жалпы білім беру ұйымдары қатасты. Атап өтетін болсақ: Қарқаралы ауданы Бүркітті ауылы «ЖББ №20 орта мектебі» КММ, Шахтинск қаласының «Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гиназиясы» КММ, Қарқаралы ауданы «Қ.Смайылов атындағы №43 жалпы білім беретін тірек мектебі (Ресурстық орталығы) жанындағы интернат» КММ, Абай қаласының «Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ,  Теміртау қаласының «№9 лицейі» КММ, Қарағанды қаласының  «№82 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Саран қаласының «№17 мектеп-гиназиясы» КММ, Абай ауданының «Жартас жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Слеттің ашылу салтанатында колледж директоры Темирбулатова Алма Асхатовна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна сөз алып, аталған слеттің балалардың болашақта педагогикалық мамандықты таңдауға ықпал етуде маңызы зор екенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Слет 8-9-10 сынып оқушыларының шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін шыңдауға бағытталған «Сәлеметсіз бе! Бұл – біз!» көрсетілім алаңы,  «Қазынаны тап» интеллектуалды ойыны және балалардың мамандыққа икемділігін танытатын «Қызығушылықтар алаңы» атты үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерінің мектептерімен таныстырып, ондағы жүзеге асырылып жатқан педагогикалық сынып жобасы аясындағы іс-шаралармен таныстырды. Мектептеріндегі осы жобаға қатысып жүрген білім алушылардың жеткен жетістіктері, қабілеттері мен икемділіктері, жетістіктері жөнінде мәлімет берді. Педагогикалық сынып жобасы аясында қатысқан шаралар мен жобларды фотоколлаж, буклет күйінде безендіріп, қорғады.

Слеттің екінші кезеңі квест саяхат күйінде өтті. Командалар әр түрлі бағытты қарастырған тапсырмаларды орындап өздерінің икемділіктерін, шығармашылық қабілеттерін, спорттағы дағдыларын, қазақ, орыс, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын сынады. Үшінші кезеңде әр мектеп өкілдері гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану, спорттық бағытқа бөлініп арт-терапияға қатысып, кәсіби сынама тапсырмалары мен спорттық сайыстарда қабілеттерін танытты.

Тапсырмалар арасында жас жеткіншектердің көңілін көтеріп, бір-бірімен емін-еркін араласуға ықпал жасайтын ойындарға да қатысты. Слеттегі жастардың белсенділігі мен дайындығын, алғырлығы мен зияткерлік деңгейін әділ қазылар қатаң бақылап отырды. Әділ қазылар алқасы құрамында: «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының техникалық және кәсіптік білім беру бойынша орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК мектепке дейінгі және жалпы орта  білім беру бөлімі әдіскері Кусайынова Нұргүл Серікқызы, «AMANAT» партиясы Саран қалалық филиалының кеңесшісі Аяғанова Айнұр Қайырқызы, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің үйлестірушісі Манаш Әлішер Ерболатұлы болды.

Слеттің жабылу салтанатында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры Абдикерова Бахытгүл Химелдиновна сөз алып, «Педагогикалық сынып» жобасының балаларға кәсіби бағыт беруде, өскелең ұрпақтың рухани, зияткерлік бағытта дамуына тигізетін әсері мол екенін, бұл жобаны әрі қарай дамытудың маңызын атап өтіп, ерекше жұмыстарға тоқталып, жеңімпаздарды марапаттады.

Слет нәтижесі бойынша І орынды Теміртау қаласының «№9 лицейі» КММ-сы, ІІ орынды Қарағанды қаласының  «№82 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сы, ІІІ орынды Қарқаралы ауданы  «Қ. Смайылов атындағы №43 жалпы білім беретін тірек мектебі (Ресурстық орталығы) жанындағы интернат» КММ-сы иеленді. Барлық қатысушыларғы «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК атынан сертификаттар табысталды.

Осы жылғы өткен слет мамандық таңдау кезеңіне келген жастарға педагогикалық мамандықтың маңызын дәріптеуге бағытталғанын ескерсек, болашақта слеттің педагогикалық мамандыққа ынталы және бейіндік дайындығы жоғары талапкерлерді тартуда, педагогикалық мамандыққа бейіні басым білім алушыларды сүйемелдеуде, педагогикалық мамандықтың беделін арттыруда, дарынды білім алушылардың кәсіби даму траекториясын таңдауға ықпал етуде маңызы зор болатыны анық.

 

Махаметчин Ернар Дулатович,

Абай Құнанбаев атындағы Саран

жоғары гуманитарлық-техникалық колледж директорының оқу- өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары