17 мамыр күні қала әкімінің орынбасары С.Бейскеевтің төрағалығымен, қала прокуроры Ж.Накишевтің қатысуымен Саран қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды. Бірінші мәселе бойынша «Мемлекеттік грант алу және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мүмкіндігімен «Бастау Бизнес», «Серебряный возраст», «Общественные работы», «Контракт поколении», «Молодежная практика» жобалары аясында Саран қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды оқыту мен тарту туралы» Саран қаласының пробация қызметінің басшысы А. М. Есмағамбетов баяндады. Сондай-ақ, Саран қаласының мансаптық орталығының директоры Т. Черкасова «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына және жұмыс орындарының квотасы бойынша тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы» хабарлады.
Бүгінде Саран қаласының пробация қызметі мен қалалық мансап орталығы бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Ай сайын пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Осыған байланысты бірқатар сұрақтардың басы көтіріліп, комиссия мүшелерімен талқыға салынды. Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев пен Саран қаласының прокуроры Ж. Накишев жұмыспен қамтуға, жәрдемдесу, медициналық көмек көрсету шараларына басымдылық танытып, алдағы мақсат пен міндеттерді айқындап берді.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА