Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес еліміздің түбегейлі принциптерінің бірі бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму болып табылады. Қоғамды одан әрі дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу жоғары білікті мемлекеттік қызметшілердің көмегінсіз елдің неғұрлым бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруі мүмкін емес екені сөзсіз.
Тәуелсіз мемлекеттің мақсаттарын іске асыру үшін мемлекеттік қызметке іріктеудің және кадрларды ілгерілетудің тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппараттың кәсібилік және ашықтық деңгейін арттыру, мемлекеттік органдарда меритократия қағидатының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңда қабылданған реформалардың нәтижесінде мемлекеттік аппараттың моделі құрылды. Яғни, жаңа модель меритократия, тиімділік және қоғамға есеп беру қағидаттарына негізделеді.
Мемлекеттік қызметке іріктеудің қазіргі заңнаманы білуге тестілеу, жеке қасиеттерін бағалау және әңгімелесуден тұратын үш сатылы жүйесі 7 жылдан астам уақыт бұрын енгізілген және бүгінгі күні кадрларды сыртқы жинақтаудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қажетті құзыреттерді бағалауға негізделген және нәтижелерді бағалау кезінде адами факторды болдырмайтын (үміткерлерді иесіздендіру жолымен) мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмін әзірледі.
Қарағанды облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдарында, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында 2024 жылғы 1 ақпанынан бастап жаңа іріктеу енгізілді.
Конкурстың жетілдірілген тәртібі үміткерлерге «eqyzmet.gov.kz» порталы арқылы алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Ал тестілеуден өту қағидаларын сақтауды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу барысында өзін оң жағынан көрсеткен прокторинг жүйесі қамтамасыз ететін болады.
Бұл ретте, «eqyzmet.gov.kz» порталы арқылы тапсырылатын тестілеу бағдарламаларға бөлінбейді және нормативтік құқықтық актілердің саны 4-ке дейін қысқартылды. Тестілеуден сәтті өткен қатысушылар порталға тіркеліп, өздеріне қатысты деректер мен құжаттарды енгізе отырып, бос орындарға таңдау жасай алады. Яғни, мемлекеттік органға ешқандай құжаттар жолдамайды.
Қатысушылардың құзыреттері мен қабілеттерін бағалауына басымдық беретін жаңа іріктеу жүйесі жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалау, эссе жазу (А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1, санаттарына) және мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесуді қамтиды.
Жеке қасиеттерді бағалау кезеңінде жалпы 130 сұрақтан тұрады. Өту мәні жауаптардың растық деңгейі 50% кем болмауы тиіс.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалауда әрқайсысы 25 сұрақтан тұратын екі блокты құрайды, барлығы 50 тапсырма беріледі. Өту шегі барлық 50 сұрақтың 10-ы дұрыс жауабын құрайды.
Конкурстың жаңа рәсімі ең аз балл жинаған үміткерлерді автоматты түрде кезең-кезеңімен алып тастауды, ең жақсы нәтиже көрсеткен үш үміткердің әңгімелесу кезеңіне қорытынды рұқсатымен қарастырады.
Нәтижесінде конкурс жеңімпазы барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша жүйемен анықталады.
Қорытындылай келе, еліміз мемлекеттік қызметтің лайықты өкілдерін: адамдардың қажеттіліктеріне жауап бере алатын құзыретті, адал, құрметті және заңды орындайтын қызметшілерді бейнелеуге тиіс. Жаңа іріктеу шынайы бәсекелестікке жол ашатын, рәсімдерді толық цифрландыруды және ыңғайлы уақытты таңдауға мүмкіндік беретін жоба ретінде көрсетіп жатыр.
И.Магиланова,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша
департаментінің
мемлекеттік қызмет
басқармасының бас маманы