Бүгін: 18.10.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі еліміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. 

Саран қаласында мемлекеттік рәміздер күніне орай патриотизм рухын нығайтуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. Қазірдің өзінде қалалық білім бөліміне қарасты №1 мектеп-лицейі  «Горжусь своей страной» атты челленджін қолдап, әр сынып шараға қатысып, өз үлесін қосқан.

Одан бөлек, жас ұрпақты тәрбиелеу барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен олардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Процветай, мой Казахстан и развивайся» патриоттық сағаты,  «Государственные символы – гордость каждого казахстанца» тақырыбындағы шығармашылық-зияткерлік іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы не білеміз?» атты зияткерлік марафоны өткізілді.

Сонымен қатар, қаламызда «Символы моей страны» атты кітап-иллюстрациялық көрмесін,  «Мемлекеттіктің басты белгісі» ақпараттық сағатын, «Гордые символы независимости Казахстана» кітап көрмесін, «Государственные символы – национальная гордость» дөңгелек үстелін, «Менің туым – менің мақтанышым!» және «Горжусь своей страной» тақырыбындағы челлендждерді, «Рәміздерім – мақтанышым!» шығармашылық суреттер байқауын, «Символы Казахстана – история страны» қалалық оқырмандар конференциясын,  «Туған жерім менің – Қазақстаным!» флешмобы мен «Символы Независимости» қалалық авто-мото шеруін ұйымдастыру жоспарлануда.

 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА