Бүгін: 23.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

 «Ақ шаңырақ» қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қайта жаңғырту бірлестігінің жетекшісі Супьянова Света Жолдыбайқызының 35 жылдық қажырлы еңбегі еленіп, бүгінде марапат биігінен көрініп отыр.

29 мамыр күні Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек - Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын мәдениет және өнер саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Әділетті Қазақстанның тірегі - адал азаматтар» атты республикалық форумы өтті.

Онда Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының «Ақ шаңырақ» қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қайта жаңғырту бірлестігінің жетекшісі және әдіскері Супьянова Света Жолдыбайқызы Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін, атқарған елеулі еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының мәртебелі маманы» атты орденімен, статуэткасымен және І дәрежелі дипломымен марапатталды.

- Мен марапат аламын деп ойлаған жоқпын. Маған осындай мәртебелі марапат беріп жатқанына өте қуаныштымын, - деп ришалығын білдіре кетті марапат иегері.

Света Жолдыбайқызының жалпы мәдениет саласында жүргеніне 35 жыл болса, «Ақ шаңырақ» қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қайта жаңғырту бірлестігінің жетекшісі болып жүргеніне 22 жылдан асты.  Осы уақыт аралығында ата-баба мұрасы салт-дәстүрді ұлықтап, бірқатар марапаттарға иеленіп жүр. Өркенді өнерінің еңбегі ақталынып жатқаны тікелей оның өз ісіне деген адалдығы, сүйіспеншілігі мен өмір жолындағы еңбексүйгіштігінің арқасында. Бүгінде ұзақ жылғы еңбегінің жемісін көру бақытына кенеліп отыр.

 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА