Қарағанды қаласында бокстан өткен облыстық чемпионатта қалалық спорт орталығының спортшысы жеңіске жетті.
Таяуда Қарағанды облысының жаттықтырушылары мен боксшыларын еске алуға арналған 2012-2013 жылы туған балалар арасында бокстан ашық қалалық турнир өтті. Былғары қолғап шеберлері арасынан 16 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған.
Саран қаласының жас спортшылары да бұл чемпионатқа қатысып, өз бақтарын сынап көрген.
- Командалар көп болды. Шамамен 200-ге жуық адам қатысты. Сараннан 3 боксшы өнер көрсетті. Гизатулин Ринат, Әуезұлы Тәңірберген, Марисов Артем бокстан жақсы нәтижелерді көрсетіп келеді. Олар үшін бұл бірінші облыстық жарыс болды, - деп атап өтті қалалық спорт орталығының жаттықтырушысы Арслан Канафин.
Турнирде 44 келі салмақ дәрежесінде Артем Марисов төрт жекпе-жекті жеңіспен аяқтап 1-орынға ие болды. 34 келі салмақ дәрежесінде Әуезұлы Тәңірберген екі жекпе-жекте де басымдылық танытып, жатылай финалға шығуға сәл қалғанда қарсыласынан жеңіліс тапты. 36 келі салмақ дәрежесінде Гизатулин Ринат екінші рет рингке шығып, өзін жақсы қырынан көрсете білді.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА