Бүгін: 23.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саранда «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының бірінші күні қарқынды басталды.

Екі күнге созылған қорғаныс іс-шарасында жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялау, тасымалдау, тізімге алу және жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әрекеті пысықталды. Ең алдымен 3 маусым күні Түсіп Күзембаев атындағы және «Саранская» шахталары қамтылып, ондағы сақтық шаралары назарға алынды.

Сонымен қатар, Саран қаласында оқу-жаттығу аясында құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру үшін штаб жасақталып, зардап шеккен халыққа арналған шатырлы лагерь орнатылды.

Онда келіп түскен адамдарды тіркеуге арналған қабылдау, медициналық және психологиялық көмек көрсету пункті ашылды. Сондай-ақ, тамақтану блогы мен тынығуға арналған бөлек шатыр орнатылған.  Тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін лагерьде полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Қалалық орталық аурухананың мамандары халыққа шұғыл көмек көрсетуге әзір болды. Жалпы алғанда оқу-жаттығуларға 10 азаматтық қорғау қызметі, 5 ұйым, 170 адам қатысып, 14 бірлік техника жұмылдырылған.

Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков және Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Шәкенов шатырлы лагерьлердің,  қабылдау пунктердің жұмысымен танысып, мүмкіндіктерін қарап шықты.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Шәкенов  қатысушыларды оқу-жаттығудың маңыздылығына, оған бей-жай қарамауға шақырды. Себебі апат айтып келмейді. Әр жағдайға сақадай сай дайын болу үшін де осындай оқу-жаттығулар өтіп жатқандығын тілге тиек етті. 

                                                                 

 

 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА