Бүгін: 08.09.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

10 шілде – ветеринариялық қызметкер күні қарсаңында ветеринария қызметкерлерінің ерен еңбегіне құрмет көрсету мақсатында абыройлы ардагеріміз ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханасының маманы туралы айтқымыз келеді.

Ветеринариялық-санитариялық сараптау – тамақ өнімдері мен жануарлардан алынатын техникалық шикізаттарды санитарлық-гигиеналық сараптау әдістерін зерттейтін және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында оларды ветеринариялық-санитариялық бағалау ережелерін анықтайтын ветеринария саласының бірі.

Жануарлардан алынатын өнімдер (ет, балық, сүт, жұмыртқа және т.б.) іріктеу кезеңінен бастап және дайындау ережелерімен аяқталатын мұқият назар аударуды қажет етеді - бұл жағдайда ғана олар адамға пайда әкеледі, күш береді және денсаулықты жақсартады.

Ветеринариялық-санитарлық сараптама мамандары азық-түлік шикізаты мен дайын азық-түлік өнімдерін зерттейді, денсаулыққа зиянын анықтайды және өндіріс жағдайларын бақылайды.

2024 жылы 10 шілдеде алғаш рет аталып өтетін ветеринария қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысы Саран қаласында ветеринариялық-санитариялық сараптау ветеринариялық дәрігері Сакимова Рыскуль Башановнаны атап өткіміз келеді.

Ветеринариялық-санитариялық сараптауда көп жылдық тәжірібиесі бар Рыскуль Башановна 1961 жылы Қарағанды облысы Нура ауданы Өркендеу ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, 1984 жылы жоғары оқу орнын үздік дипломымен аяқтады. Ветеринария саласындағы қызмет жолын Қарағанды облысы Абай ауданы Долинка кентінің ветеринариялық пункт меңгерушісі болып бастап, Республикалық ветеринариялық зертханасы Қарағанды облысындағы филиалының Шахан кентіндегі ветеринариялық-сараптау зертханасында, содан кейін Саран қаласындағы ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында кызметін жалғастырды.

2019 жылдың желтоқсан айында зейнеткерлікке шықса да ветеринария саласынан қол үзбей, Саран қаласында ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасын ашып, қала тұрғындарының жануарлардан алынған қауіпсіз, сапалы өнімдерімен қамтамасыз етілуіне атсалысып, өнімдерді тиісті зерттеулерден өткізіп адал қызмет етуде.

Құрметті Рыскуль Башановна, сізді «Ветеринариялық қызметкер күні» мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз!

ҚР АШМ ВБҚК Саран қалалық аумақтық инспециясы