Бүгін: 23.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік қызметші – қоғам мен билік арасындағы дәнекер, алтын көпір болып табылады. Оның ар-ожданы биік, әделетті әрі ұйымдастырушылық қабілетін барын қоғам бағалайды. Себебі халықтың сенімі мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығая түседі. Сондықтан да, әрбір мемлекеттік қызметкер халықтың алдында жауапкершілік жүгін анық сезінуі үшін ең алдымен өзінің моральдық-әдептік құндылықтарын дамытуға күш салуы тиіс.  Саран қаласы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын сақтауын бақылауға және қамтамасыз етуге жауапты. Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі қала әкімшілігінің қызметінде маңызды орын алады. Өйткені ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық және әдеп нормаларын сақтап, өз міндеттерін адал, әрі кәсіби түрде орындауын қадағалайды.

Қызметтің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп мәдениетін қалыптастыру және нығайту. Бұл қызмет мемлекеттік қызметшілердің тәртібінің жоғары стандарттарын сақтауға бағытталған.

Оның негізгі міндеттеріне - этикалық кеңес беру, Әдеп кодексін түсіндіру және мемлекеттік қызметшілердің оны сақтауын қамтамасыз ету үшін семинарлар, тренингтер, ақпараттық сессиялар ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін бақылап, әдеп нормаларын бұзған жағдайларды анықтап, зерделеу, әдеп нормаларын бұзған қызметшілерге қатысты тиісті шараларды қабылдау және олардың жауапкершілігін анықтау кіреді.

Мемлекеттік қызметшілердің тәртібін бақылаудан бөлек, жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеуі мен олардың қызметінде әдеп нормаларын сақтауын қадағалап, қоғамға адал және ашық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бұл қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, мемлекеттік қызметтің ашықтығын көрсетеді. Қала тұрғындарының игілігіне бағытталған маңызды элемент болып табылады.

Абзал Мұратұлы Утешев,

«Саран қаласы әкімінің

аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі