Бүгін: 27.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласында бірінші рет «SKATE BOARDING FESTIVAL» шарасы өтті.  Жастарды салауатты өмір салтына насихаттайтын бұл іс-шарада қаламыздың белсенді жастары мен балалары велосипедтен және самокаттан бақтарын сынап көрген.

Саран қаласының жастары спортқа әрдайым жақын. Қазақ күресінен бастап, волейбол, баскетбол, жүзу спорт түрлеріне қуана-қуана қатысады. Соңғы жылдары футболдан жүлделі орындарды еншілеп келеді. Биыл Саран қаласының 70 жылдығына орай да бірнеше айтулы спорттық, мәдени іс-шараларға бастама берілді.  Өткен аптада, нақтырақ жазғанда, 12 шілде күні «Сұңқар» стадионы күндегіден ерек жастарға толды. Бірі плакаттарын арқалап достарына жанкүйер болуға асықса, енді бірі өз өнерін паш етуге асыққан. Оған бірде-бір себеп қаламызда алғаш рет ұйымдастырылған жүрек жұтқан нар тәуекел жастардың басын қосқан «SKATE BOARDING FESTIVAL» шарасы.  Онда жастар велосипед пен самокатты қалай игере алатынын көрсетіп, жарысқа түскен.

 Ашық аспан астында қатысушылар күрделі трюктерді орындау шеберлігімен көптің көзіне түсті. Біз білетін екі дөңгелекті велосипедті шыр айналдыра, «Банни-хоп»  атты күрделі трюктерді жасады. Түсінікті тілмен жазғанда бұл «велосипедпен секіру» әдісі.  Жастар арасында белен алып жатқан «кикскутеринг» (самокатпен жарыс) түрі де назардан тыс қалмады. Балалар өздеріне ұнаған спорт түріне қатысып, керемет әсер алды. Көптің есінде қалатын жарқын сәт болғаны анық.

Ерекше шараның бас төрешісі болып Евгений Хисметов болды. Оның айтуы бойынша, балалардың өнері бес баллдық шкаламен бағаланған. Ең үздік үштік медальдармен марапатталған.

Шарада қатысушыларға «Dizzy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 400 сусын тегін сыйға берілді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА