Бүгін: 23.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

30 шілде күні қалалық мәдениет үйінде қоғам қайраткері, саясаттанушы, мемлекеттік басқару академиясының өкілі Руслан Токатов Саран қаласының жастарымен кездесті.

Семинар аясында Руслан Токатов «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу. Парасаттылықты дәріптеу» тақырыбы төңірегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, қатысушылармен ойын түрінде берілген мағлұматтарды бекітті. Онда әркім өз ойын емін-еркін жеткізе алды. Көкейкесті мәселелер қозғалып, сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресудің ең тиімді тәсілдері таныстырылды. 

Саясаттанушының айтуы бойынша, негізі сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресті - ең бірінші адамды жөндеуден бастау керек. Яғни, сыбайлас жемқорлық – бұл індет, оны жою міндет екендігін әрбір азамат түсініп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін арттыру үшін жемқорлықпен күресті әр адам өзінен бастауы қажет.

Мұндай семинарлар тек жастарға ғана емес, әртүрлі аудиторияларға бағытталған. Мемлекеттік қызметкерлерге, медицина саласының мамандарына да өткізіліп тұрады. 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА