Бүгін: 23.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласында жалынды жастардың үніне құлақ түрген қалалық жастар ресуртық орталығы бірінші рет  «Кешкі vibe» іс-шарасын ұйымдастырды.

2 тамыз күні өткен  «Кешкі vibe» шарасы республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясымен басталды.  Жастар шашылып жатқан бөтелке, целлофандарды қаптарға салып, «Карагандинка» өзенінің жанын қоқыс-қалдықтардан тазартты.

 Жастар ресурстық орталығының директоры Сәнді Ақанованың айтуы бойынша, бұл іс-шараның мақсаты – көңіл көтеру ғана емес, көпке пайдалы ақпаратпен бөлісе алатын алаң ұйымдастыру, жастарға қолдау көрсету.

-              Біздің жастар өте талантты. Кейде адамның бойындағы қабілетін іс барысында көре жатамыз. Сол қабілетті аша білу өте маңызды. «Кешкі vibe» барысында жастармен тілдесіп, ой-пікірлерін білдік. Бір жағынан қоршаған ортамызды таза ұстауға өз үлесімізді қостық, - деді Сәнді Ақанова. 

Бұл шара аясында жастар ашық аспан астында тимбилдингке қатысып,  арқан тартыс, «Мен кіммін?» ойындарын ойнады. Бір сөзбен айтқанда, жастардың кеші көңілді өтті. Бүгінде Саран қаласының «Жасыл ел» сарбаздары «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала көшелерінде қоқыс жинау, саябақтарды тазарту және ойын алаңдарын бояу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА