Бүгін: 23.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Департаментке қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша  шағым түсті.

Шағымда қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөліміне «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметін алу үшін жүгінген.

Алайда, қызмет алушы туу туралы куәлікте өрескел қателіктердің жіберілгенін байқап, мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты Департаментке шағым білдірді.

Департаментпен аталған шағым негізінде тексеріс шаралары жүргізіліп, өрескел бұзушылықтардың орын алғаны анықталды.

Сонымен қатар, аталған құжатта тіркеу бөлімі басшысының қолы қойылмаған.

Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша ХҚКО басшысының атына орын алған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде хат жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Департамент азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және туындаған мәселелерге жеделден қою бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отыр.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы

бойынша департаменті