Бүгін: 23.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Басқарманың негізгі функциясының бірі реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат құжаттарын беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

- көрсетілетін қызметті алушыларға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;

- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілді. Осы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне нормативтік құжаттама жобаларын айқындайды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілерге туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібін айқындайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.

Аумақтық басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 6 түрінің ішінде келесі 3 түрін көрсетеді:

- «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;

- «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет);

- «Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру».

Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (басқармалары) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Өтініш беруші қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Басқарма маманы 2 жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды ресімдейді.

Басқарма басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат түрінде жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша басқарма мамандарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым басқарма басшысының атына беріледі. Шағым тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Сіз 8(72137)76782 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз.

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ