«Саран comеdy» жастар клубы қаланың 70 жылдық мерейтойына орай өзінің екінші концерттік кешін берді.
16 тамыз күні қалалық мәдениет үйінің киелі сахнасында қазақтың «Сен тұр мен атайын» деген тапқыр жігіттері өнер көрсетті. Оған бірде-бір себепкер - «Саран comеdy» жастар клубы болып тұр.
Биыл ғана ашылған «Саран comеdy» жастар клубының алғашқы концерті наурыз айында өткізілді. Онда Саранның жалынды жастары қатысса, осы жолғы концерт тізгіні қала қонақтарында болды. Әзіл-ысқаққа толы кештің екінші концертінде Қарағанды, Теміртау қалаларынан келген жастар қатысып, бақтарын сынаған.
Әділ-қазы алқасының құрамында болған: Саран аймақтық жайдарман өкілдігінің 2014 жылғы чемпиондары, «Саран» құрамасы командасының капитаны Сүндет Құрышбеков, қалалақ жастар ресурстық орталығының маманы Динара Елешова және қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Мереке Магавин қатысушылардың өнерін бағалаған.
- «Саран comеdy» шарттары жайдарманнан басқаша, бұл жерде ережелер аздау. Командаларға тек қана сәттілік тілейміз. Әріқарай да жұмыс жасай берсін, еңбектері өне берсін. Жемісін көрсін,- деп атап өтті «Саран» құрамасы командасының капитаны Сүндет Құрышбеков.
Концерттік форматта өткен көңілді шараға Қарағандыдан «Бесарыс», «Болашақ VIP» және Теміртаудан «Ғарыш» командалары қатысқан. Үш топтың ішінен «Болашақ VIP» командасының жұлдызы жанып, жеңімпаз атанды.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА