Бүгін: 21.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының       Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Ата заң – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжатымыз».

Бүгінде Конституцияның арқасында қоғамда бейбітшілік пен тыныштық сақталып, жеке тұлғаның еңбек, шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалғанын мақтанышпен айта аламыз. Соның айқын бір дәлелі – биыл 70 жылдық мерейтойын тойлап жатқан туған қаламыз - Саран қаласы.

Құрметті жерлестер!

Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін табыс пен жетістіктер тілейміз!