Бүгін: 22.10.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Өзінің  ана  тілін  білмеу, білуге  ұмтылмау – кешірілмес күнә. Қазақстан Республикасының  Ата  заңында  да осы қағида  көрініс тапқан. Сан ғасырлар бойы елдің  елдігін, Ердің ерлігін асқақтата жырлап, тас  жаратындай түйдектеген тіл. Жан  берісіп, жан алысқан  санқилы жаугершілік заманда, Ердің  басын   салбыратпай,  Елдің   рухын  асқақтатқан – қызыл тіл. Тіл – қатынас құралы ғана емес, бүкіл насихаттық шаралардың  бастауы, өзегі мен өрісі.

Қандай  да  заман, қоғам болмасын  мемлекет  бірінші кезекте  қуатты заңға, жан –  жақты  ойластырылған  құқықтық  жүйеге  арқа  сүйейді  әрі мемлекеттік  тіл арқылы  көпшілікке жол табады. Қазақстан Республикасының  «Тіл туралы»  Заңында  әрбір  азаматтын  парызы, аса маңызды  факторы ретінде  «мемлекеттік тілді меңгеруі» атап  көрсетілген.

Қазақстанның  болашағы қазақ тілінде. Тілсіз  ұлт  болмайды. Өз тілімізді  сақтау, өз тілімізді құрметтеу  отаншылдық  рухты  оятуға  қызмет ету  бұл   ата – баба   алдындағы   ұлы парызымыз. Қазақ  тілі  өте  бай тіл болғандықтан, салалық  терминдер  мен  сөз тіркестері  әлі  де толық   қалыптаса  қоймаған, алға  ұстайтын  бұрын – соңды   жасалған  тәжірибе  мен  нұсқаулық – үлгілер де жоқ. Тіл  туралы  жұмыс  бір  күндік  немесе өтпелі  науқандық  шара  емес, күнделікті  іс  үстіндегі  ізденім, тынымсыз әдісі мен  әдістемесін толықтырып  отыратын,  үндес үрдіске айналуы керек.  Себебі, тіл насихаты – құрғақ  уағыз, үмітсіз  үміт  емес, ел іргесін біріктіріп, ішкі тәртіпті қатайтып, жұртшылықтың  мәдениетін  арттырып,  сауатын ашуға  ықпал  етеді.

Біздің міндет – тілге қойылған  талаптарды  көп  болып қолға алып, жүзеге  асыру, мемлекеттік  тілдің  өрісінің  кеңейуіне кедергі болмай, жаңа мемлекетімізге, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, білікті де білімді мамандар дайындау.

Ж. Джумашева,

Саран қаласының

полиция бөлімі