Бүгін: 22.10.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын көңілден құттықтаймыз!

Мұғалім – бұл жай ғана мамандық қана емес, ол қашанда ерекше сыйластыққа ие болған құрметті атақ.

Елдің ертеңін айқындап, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін – білім саласы. Ал бұл саланың тірегі, жаны мен жүрегі – құрметті ұстаздар. Хакім Абай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» десе, болашақ ел тұтқасына айналар зердесі ояу, ойы озық, білімді ұрпақ даярлау да осы қастерлі мамандықты иеленген педагогтердің қолында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі».

Саран қаласының 70 жылдық мерейтойында тұрғындарымыздың бір емес, бірнеше ұрпағын тәрбиелеген білім саласының ардагерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Жас ұстаздар аға әріптестері салған дәстүрді мақтанышпен жалғастыруда.

Ұрпаққа тәлім мен тәрбие беруді басты мұратқа айналдырған қиын да қастерлі қызметтеріңізге рақмет айтып, табыс тілейміз. Елдің атын шығарып, аймақ абыройын асыратын, өңірді өркендетіп, туған жерді түлететін білімді де, талантты шәкірттеріңіз көп болсын!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!