Бүгін: 22.10.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық пен ұлтаралық келісім – мемлекеттің біртұтастығының кажетті шарттарының бірі болып табылады. Әртүрлі ұлттардың өкілдері мен діни топтардың бейбіт өмір сүруі – Қазақстандық биліктің тәжірибесі мен мемлекеттік саясатының жемісі.

Біздің мемлекетті «өркениеттің қиылысы» деп бекер айтпаған. Қазақстан – ислам, христиандық, буддизм сияқты ірі әлемдік діндердің арасындағы шекара болып табылады. Ғасырлар бойы, Қазақстан жерінде әртүрлі ұлттардың өкілдері бірге тұрып, бірге еңбектенген. Қазақстан жері 130-дан астам ұлт өкілдері мен әртүрлі дін ұстанушылардың туған үйіндей болып кетті. Қазақстанда ұлыстар мен конфессиялардың құрылымдық диалогы елдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу жолдарының негіздерінің бірі болып табылады. Көпұлтты және көпконфессионалды қоғамда демократиялық, зайырлы мемлекеттің қағидаларын қолдану қажет. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен сақтауындағы өзіндік үлгісі құрылды. Қазақстандағы толеранттылық қағидасы саяси мәдениеттің ережесі болып қана қоймай, демократиялық мемлекетті  құрудағы басты қағидаларының бірі болып табылады. Қазақ халқының көпғасырлы мәдениетінде үйлесімді қатар өмір сүру, адамдардың мінез-құлқының табиғи өмірлік қағидасы қалыпты болып келеді.

Қазақстанда әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт бірге өмір сүруінің, этносаралық және конфессияаралық келісім мен кадірлестік толеранттық ахуалын құрудағы, ел халқының көпшілігінде бейімделу құндылықтарының қалыптасуына ықпал ететін тарихи бағасыз тәжірибесі жиналған. Бұл қазақстан халқының өзге ұлттармен құнды мәдени жетістіктермен бөлісуі, барлық біздің қоғамымыздың ортақ дәулеті болып табылады. Қазақстанның бейбітшілікке, тұрақтыққа, ұлтараралық және конфессияаралық келісімге бағытталған саясаты әлемдік қауымдастықтың кең қолдауын көріп отыр.

Әлемдік тарихта әр түрлі ұлт өкілдерінің бір жерде, бір елде бірлесіп өмір сүруі тың құбылыс емес. Бұл ретте Қазақстанның көп ұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан жалғасын тауып, сабақтасып келеді. Қазақстанның полиэтникалық қоғамға айналу процесі ұзақ тарихи кезеңдерді қамтиды. Қазақстан тарихында ол кезеңдер үшке бөлінеді. Бірінші кезең – Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруімен байланысты. Нәтижесінде қазақтардың көшпенділіктен отырықшылыққа ауысуы арқылы өмір сүру стилі, құндылықты нормативтік жүйесі өзгерді. Екінші кезең – Қазақстанның КСРО құрамына енуімен байланысты. Бұл кезеңде Қазақстанның саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми салаларында жаңа бетбұрыстағы алғышарттар құрылып, жаңа интеллектуалдық мүмкіншіліктер пайда болып, полиэтникалық құрамы жылдам қалыптасты. Үшінші кезең – Қазақстанның тәуелсіздік алуымен және халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде саяси сахнаға шығуымен байланысты. Бұл кезеңде әрбір этникалық топтың еркін дамуына қол жеткізілді, этникалық ерекшеліктерін қайта түлетуге мүмкіндік туды.

Өткенге мұқият қарасақ, Қазақстан Республикасының саяси тұрақтылығын, қоғамдық ішкі қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауды саяси реттеудің басты тетігі ретіндегі елдің ынтымағы мен этносаралық келісімін қамтамасыз ету әрдайым өзекті мәселе. Саяси институттардың ең жоғарғы сатысынан орын алатын мемлекет өзінің бүкіл әкімшілік жұмысы барысында өз атауына сай, төл азаматтарымен қатар, басқа да этнос өкілдерінен құралған азаматтардың қамын күйттеп, олардың барлық конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, олардың өзара тыныш, келісімді де үйлесімді арақатынастарына тиімді әрі қауіпсіз жағдай жасауға, ынтымақты күйттеген этносаяси процестерді ұйымдастыруға қабілетті барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін демократиялық әдіспен қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін орындау қажеттілігін зор жауапкершілікпен мойындайды.

Қазіргі таңда, АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания секілді өркениетті елдердің және өзгелердің де Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты әлемде баламасы жоқ бірегей қоғамдық институттың жұмыс тәжірибесін зерттеуге ден қоюлары – ұлттық саяси бағытымыздың дұрыс, қолға алған істеріміздің шынайы өмірмен үйлесіп жатқандығының бір көрінісі. Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны елге түсіндіру, соның негізінде, қоғамдық пікірді байсалды қалыптастыру  Қазақстанның дамуының негізгі кепілі бола алады. Барлық қазақстандықтар ел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты үзбей насихаттау керек. Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуы осыған байланысты. Ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші. Біздің еліміздегі ұлтаралық келісім – ең маңызды жетістіктеріміздің бірі, ұлттық мәселелеріміздің ғылыми шешімінің нәтижесі және қоғамымыздың дамығандығының көрінісі.

А. И. Қозыбағаров,

А. Құнанбаев атындағы

 Саран  жоғары гуманитарлық-техникалық колледждін оқытушысы