Бүгін: 22.10.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саранда Халықаралық қарттар күніне арналған «От всей души, с любовью» атты мерекелік шара өтті.

Концерттік бағдарламада қазыналы қариялардың даналығы мен мейірімділігі әспеттелді. Жанды дауыста әндер де, жас буынның ілтипатын көрсететін билер де биленді. «Асыл әжелер» вокалды-эстрадалық хордың, «Мудрость» ардагерлердің халықтық хордың, «Мечта» квинтеттің орындауында шырқалған әсем әндер жүрекке жетті. «Амадеус» би ансамблі мен «Детство» үлгілі би ансамблінің бишілері де өнерімен көпті тәнті етті. Бір сөзбен айтқанда, мәдениет үйінің өнерпаздары сахнаны одан сайын жандандыра түсті.

Қаланың көпті көрген, данагөй аға буындары да қомешетін аямады. Жақсы әсерлерімен бөлісіп, ақ баталарын беріп, бір марқайып қалды.

-              Сарандықтарды шын көңілден құттықтаймын. Денсаулық пен бақыт тілеймін. Ең бастысы  - аспанымыз ашық болсын, - деп шараға қатысқан Саран қаласының тұрғыны Сәуле Оспанова игі тілегін білдірді.

Саран қаласының орталық кітапханасы қарттар күніне орай бірінші рет қалалық мәдениет үйінде мизам шуақты бейнелейтін күзгі экспозициясымен бөлісті. Онда келушілер естелікке суретке түсіп, мерекелік көңілге ене алды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА