Бүгін: 21.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қабылданған заң дербес кассациялық соттарды құруды, сондай-ақ сот ісін жүргізу тәртібін жетілдіруді көздейді. Қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу кодекстеріне және басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заңмен кассациялық сатыда азаматтық және қылмыстық істер бойынша алдын ала қарау кезеңін алыптастау ұсынылады.

Азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы өтініш емес, кассациялық шағым бере алады. Сондай-ақ сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша кассациялық қайта қараудың бірыңғай қағидалары енгізіледі.

Жоғарғы Сот сот практикасын және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін зерделеу және жалпылау жаңа міндетке ие болады. Тек жергілікті және кассациялық соттар сот төрелігін жүзеге асыру мен тікелей айналысатын болады. Әкімшілік істер бойынша талапкердің таңдауы бойынша аумақтан тыс соттылық пайда болады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және соттарға деген сенімді арттырады.

«Кассациялық сот - бұл басқа судьялар қабылдаған шешімдерге қатысты судья: оның рөлі - бұл судьялардың қаралған іс бойынша білікті нақты жағдайларды және олардың алдына қойылған мәселелерді ескере отырып, заңды дұрыс қолданғанын анықтау».

Д. Окасова,

Саран қалалық  сотының

бас маманы