Бүгін: 21.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саранда Республика күні қарсаңында білім беру ұйымдарының қызметкерлері марапатталды.

22 қазан күні «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен Республика күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Айшықты мерекеде білім беру саласына үлес қосқан ардақты жандардың еңбегі еленді. Саран қаласының білім бөлімі басшысы Арман Бақтыбаев жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, білім беру ұйымының қызметкерлерін қала әкімінің және білім бөлімінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық тәсілдерімен ерекшеленген 2023-2024 оқу жылындағы білім беру ұйымдарының рейтингі белгілі болып, назарға ұсынылған.

Келесі болып сөз алған білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық ұйымының Саран филиалының төрағасы Әйгерім Ақпарова ұлағатты жандарды құрмет грамоталармен және алғыс хаттармен мапараттады.

Салтанатты шарада Қазақстан облыстарына да аса көңіл бөлініп, елдің тұрақтылығы мен ұлт достығына, сауатты жастардан бастап, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға зер салынды.

Концерттік бағдарламаның өзі «Отанымыз гүлдене берсін!» деген ақжарма тілекпен, жылы лебізбен аяқталды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА