Бүгін: 21.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Адамзаттың тірлігінде мән – мағына болмайтыны белгілі.

Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат  тарихында  көптеген өркениетті елдердің  өшіп   кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгін  қазақ  қоғамындағы  мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Қазақ болып туылған соң, өз жерімізде тұрып, өз ана тіліміз – мемлекеттік  тілде сөйлемеу, оны құрметтемеу бәрімізге өте ұятты іс. Сондықтан да, "Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ" – деп  Ғабит Мүсірепов айтқандай, ана тілімізді ардақтайық.

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес.  Әлем таныған ел болу үшін, тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. 

Ж. Джумашева,

Саран қаласының

Полиция бөлімі