Бүгін: 21.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жыл сайын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) БАҚ өкілдерін, блогерлерді, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттерін барлық мақсатты аудиториялар үшін қызықты болатын жедел және өзекті материалдарды дайындау құпияларымен бөлісу үшін жинайды. 2024 жылы мұндай іс-шара онлайн-форматта 7 қараша күні орыс тілінде, ал 8 қарашада қазақ тілінде сағат 10:00-ден 12:30-ға дейін өтеді.

Екі күн ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласының мамандары қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді.

Курс бағдарламасында түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

- Әлемдегі зейнетақы жүйелерінің түрлері мен негізгі түсініктері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі. БЖЗҚ қызметі (Неліктен көптеген елдер зейнетақы жүйесінің жинақтаушы және аралас түріне көшуде?;

- Зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланатыны туралы таныстырылым);

- Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкінің басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланып жатқаны туралы таныстырылым);

- Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруда.  (Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар (ИПБ) туралы ақпаратты қайдан алып оқуға болады?);

- Зейнетақыны жоспарлау құралдары. (Болашақ зейнетақыны 20-30 жыл бұрын есептеп, өзгертуге бола ма?);

- Зейнетақы жинақтарынан төлемдер (БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері, оларды алу тетігі, enpf.kz сайтынан ақпаратты қалай табуға болады?);

- БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. ЖЗЖ туралы қызық материалды алғашқы көзден алынған ақпараттар негізінде қалай дайындауға болады? (БЖЗҚ-ға қандай сұраныстармен жүгінген жөн. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат алудың тікелей арналары: enpf.kz сайты, әлеуметтік желілер, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасы - қазақстандық және халықаралық сарапшылардың эксклюзивті пікірлері).