«Әр халықтың ана тілі білімнің кілті......
Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімді, мәдениетті болсын...»
Ахмет Жұбанов
Тіл адамзат баласының рухани күш-қуаты, елдігіміздің тірегі де тілегі, сол себепті оны қазақ халқы ғана емес, елімізді мекендейтін өзге ұлт өкілдері де құрметтеп, үйренуі тиіс. Өз ана тілімізді біле тұрып, басқа жат елдің тілінде сөйлейтіндер де аз емес арамызда. Мұның басты себебі, ұлттық намыс пен ұлттық рухтың бәсеңдігі. Осы орайда «Қазақ, қазақпен қазақша сөйлессін!», – деген ана тіліміздің айбынын асқақтатып, беделін биіктететін шынайы сөздері ойға оралады. Әрине өзге тілді білген жақсы ғой, бірақ өз ана тіліңді кемітпей, оны жетік меңгеруге ұмтылу қажет. Тілге деген құрмет алдымен әрқайсымыздың жүрегіміздің төрінен орын алу керек. Ана тілімізді дамыту, оның күнделікті өмірде қолдану аясын кеңейту – баршамыздың парызымыз.
Кез келген ұлттық құндылықтың негізі – ұлттық тіл. Сондықтан халқымыздың тағылымы мол тарихы мен ежелден келе жатқан ұлттық салт – дәстүрлерімізді, оның ішінде сөзсіз ана тілімізді құрметтеген абзал.
Ж.Джумашева,
Саран қаласының
Полиция бөлімі