Қазақстан климатын ондаған жылдар бойы зерттеген Франция мен Голландия ғалымдарының болжамына сүйенсек, болашақта елімізді нашар экологиялық ахуал күтіп тұр (Казахстан может превратиться в самый жаркий и засушливый регион на планете). Жердің тозуы, CO₂ деңгейінің көтерілуі аса қатты қарқынмен жүріп жатыр. Құрғақшылық пен қуаңшылықтың алдын алу үшін радикалды қадамдар жасап, даламызды да, экономикамызды да «жасылдандырмасақ» жағдай қиындай түседі – деп, кеңес береді.
Жаһандық жылыну — жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Соңғы жүз жылда температурасы шамамен 1°С-қа артты. Салыстырмалы айтсақ, егер адам температурасы 1°С-қа көтерілсе денеде ылғал жоғалтып, ағза ауырып қалады. Сол сияқты климат не бары бір градусқа жоғарыласа, табиғатқа кері әсер қатты болады. Күн қатты қызғанда, жердің беткі қабатындағы микроорганизмдер жойылып кетеді. Сондықтан топырақ көлеңкеге зәру. Біз оны тек жасыл желектер, ағаштар отырғызу арқылы ғана реттей аламыз. Ол үшін әуелі қоғамда эко сана мен дағды қалыптастыру жолдарын табу керек.
Бір ағаш бір жылда ауаны 28 келі ластанушы заттардан тазалайды. 13 000 литр жаңбыр суын сіңіреді де, тасқындардан сақтайды. Ауаны салқындату жағынан жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істейтін 10 кондиционерді алмастыра алады.