17 желтоқсан күні Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау кезінде қала тұрғындары өздерін көптен бері толғандырып жүрген бірқатар мәселелерін қала басшысына жеткізді. Сұрақтардың көбі жылыту маусымына, тұрғын үй мәселесіне қатысты болды.
Сондай-ақ, Дубовка кентіндегі ашық құдықтар, жаяу жүргіншілер жүретін жолға белгі қою мен жарықтандыру, су мәселесі көтерілді. Горняк шағын ауданындағы үйлердің жылыту жүйесінің сапасына байланысты өзекті сұрақтар қойылды.
Қала әкімі әрбір азаматтың мәселелерін жеке әрі мұқият тыңдап, олардың сұрақтарына заң аясында жауап берді. Бірқатар мәселелерді алдағы уақытта зерделеп, қосымша хабардар етілетіні азаматтарға түсіндірілді.
Әрі қала әкімі, сала бойынша жауапты басшыларға және мамандарға тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар бере отырып, оның орындалуын өзінің қатаң бақылауында болатынын атап өтті.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА