Бүгін: 03.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Осыдан екі күн бұрын, 13 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келіп, Саран қаласының  индустриалды аймағына барды.

Ең бірінші болып 2022 жылы құрылған «SILK ROAD ELECTRONICS» ЖШС тұрмыстық техника өндіретін зауыттың өндірістік желісімен танысты.  Бұл жерде шаңсорғыштан бастап, телевизорларға дейін, кір жуғыш машиналар мен су жылытқыш, ауа сорғыш пен шағын пештер, әрі ас үй тақтасына керек жабдықтар өндіріледі.  Жыл сайын бірнеше мың тұрмыстық техника шығарылады.

«Silk Road Electronics» зауыттың директоры Александр Критский мен операциялық директоры Талғат  Абдрахманов  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспековке өндіріс процесін айта отырып, тұрмыстық техникаларда пайдаланатын материалдарын көрсетті.  Сонымен қатар, Samsung Electronics компаниясымен бірлесіп жұмыс жасау жоспарда бары баян етілді.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков келесі болып автобустар мен арнайы техника шығаратын «QazTehna» зауытына бет алып,  осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстардың  нәтижесі мен алдағы мақсаттарымен танысты.  Автобустардың  құрастыру цехында, қозғалтқышты іске қосатын арнайы постта болып, ондағы қолданып жатқан  материалдардың сапасына аса мән берді. 

Сондай-ақ, іс-сапар барысында «KamaTyresKZ» шина шығаратын зауыттың өндіріс желілерін аралап,  ағымдағы жағдайы талқыланды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА