Бүгін: 03.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына және «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.12.2008 жылғы № 1228 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оған қаржылық есептілікті ұсынатын жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылды. Депозитарий деген жыл сайын ұйымдар ұсынатын жылдық қаржылық есептілік пен аудиторлық есептерді, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты пайдаланушыларға ашық қолжетімділікпен қамтитын электрондық деректер базасы (www.dfo.kz веб-сайты).

Заңның 1-бабына сәйкес жария мүдделі ұйымдар (бұдан әрі – ЖМҰ) ол, қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар (коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруші ұйымдарды қоспағанда) және жарғылық капиталында мемлекет үлесі бар ұйымдар сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар. Қарағанды облысында депозитарийдің деректер базасында 271 жария мүдделі ұйымдар бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.10.2011 жылғы № 1173 қаулысымен бекітілген депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), жария мүдделі ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей депозитарийді жүргізетін уәкілетті ұйымға уәкілетті орган бекіткен тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

2024 жылы Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті депозитарийге жылдық қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін 21 жария мүдделі  ұйым 11 814,4 мың теңге айыппұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың әрекеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 239 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады, яғни Ережеде белгіленген мерзімде уәкілетті ұйымға қаржылық есептілікті ұсынбау.

Қазіргі таңда 20 жария мүдделі ұйымнан 11 445,2 мың теңге айыппұл өндірілді.

Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жария мүдделі ұйымдар Уәкілетті ұйымға электрондық форматта аудиторлық есептіде ұсынады. Қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізуден жалтарғаны және депозитарийге аудиторлық есепті ұсынбағаны үшін 4 жария мүдделі ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 250 бабы бойынша 147,7 мың теңгеге айыппұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда 3 жария мүдделі ұйымнан 92,3 мың теңге айыппұл өндірілді.

А. Абеуова,

Қарағанды облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

жетекші маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті

 

 

 

О представлении финансовой отчетности организациями публичного интереса Карагандинской области в депозитарий за 2023 год

В соответствии со статьей 19 Закона РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28.02.2007г. №234 и постановлением Правительства Республики Казахстан «О мерах по созданию депозитария финансовой отчетности» от 23.12.2008г. №1228 создан депозитарий финансовой отчетности для организаций публичного интереса, которые сдают в него финансовую отчетность в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан. Депозитарий – электронная база данных, содержащая годовую финансовую отчетность и аудиторские отчеты, ежегодно сдаваемые организациями, а также информацию о корпоративных событиях акционерных обществ, с открытым для пользователей доступом (веб-сайт www.dfo.kz). 

Согласно статье 1 закона, организациями публичного интереса  являются финансовые организации, акционерные общества (за исключением некоммерческих), организации недропользователи (кроме организаций, добывающих общераспространенные полезные ископаемые) и организации, в уставных капиталах которых имеется доля участия государства, а также государственные предприятия, основанные на праве хозяйственного ведения. В Карагандинской области в базе данных депозитария числятся 271 организаций публичного интереса.

В соответствии с пунктом 3 Правил сдачи финансовой отчетности организациями публичного интереса в депозитарий, утвержденных приказом Министра финансов Республики Казахстан от 28 января 2022 года № 94, организации (за исключением бездействующих в течение отчетного периода и объявленных до 1 января отчетного периода банкротами) ежегодно не позднее 31 августа года, следующего за отчетным, представляют через интернет-ресурс депозитария в уполномоченную организацию по ведению депозитария, утвержденную в установленном отраслевым законодательством порядке, годовую финансовую отчетность.

Департаментом внутреннего государственного аудита по Карагандинской области в 2024 году за несвоевременное представление годовой финансовой отчетности в депозитарий привлечены к административной ответственности 21 организация публичного интереса на сумму штрафа 11 814,4 тыс.тенге, в действиях которых усматривается состав административного правонарушения, предусмотренного ст. 239 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, то есть непредставление финансовой отчетности в уполномоченную организацию в сроки, определенные правилами.

В настоящее время по 20 организациям публичного интереса взыскано штрафов на сумму 11 445,2 тыс.тенге.

В соответствии с пунктом 6 правил,  организации публичного интереса, представляют в уполномоченную организацию также аудиторский отчет в электронном формате. За уклонение от проведения обязательного аудита финансовой отчетности и непредставление аудиторского отчета в депозитарий 4 организации публичного интереса привлечены к административной ответственности по ст. 250 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях на сумму штрафа 147,7 тыс.тенге.

В настоящее время по 3 организациям публичного интереса взыскано штрафов на сумму 92,3 тыс.тенге.                 

А. Абеуова,

ведущий специалист-ассистент

государственного аудитора

Департамента внутреннего

государственного аудита

по Карагандинской области