3-7 ақпан күндері аралығында облысқа қарасты барлық оқу орындарында «Заң және тәртіп» акциясы өтті. Бұл акция жас ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті арттыру, тәртіптілік қағдаттарын нығайтуға бағытталған.
Саран қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері де акция аясында білім ордаларына барып, мектеп оқушыларымен кездесті.
- Мұндай акциялардың барлығы, ең алдымен, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Осы акция аясында қаланың оқу орындарында дәрістер өткізілді. Онда оқушылармен кәмелетке толмағандар арасындағы мәселелер талқыланды. Одан бөлек кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі жайлы ақпарат бердік, - деді Саран қаласының ПБ ЖПҚБ УПИ ЮПТ полиция аға лейтенанты Жанна Хан.
Өткен іс-шаралардың барлығы дерлік әр түрлі форматта болды. Яғни, полиция қызметкерлері білім алушыларға тек жалпы заңды ғана түсіндіріп қана қоймай, мысалдарды келтіре отыра берілген білімді бекітіп отырған. Бірде бейнематериалдарды көрсетсе, енді бірде презентациялар ұсынған. Оқушылар өз тарапынан дәрісте көтерілген тақырыпты қызу талқыға салып, сауалдарын қойған. Сондай-ақ әр кездесуде ақпараттық буклеттер таратылды.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА