Бүгін: 03.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл. Бұл күн тарих беттерінде ерекше орын алады, өйткені ол ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте сақтауға және ардагерлерге сый-құрмет көрсетуге арналған.

Осының аясында, 15 ақпан күні интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға қала әкімінің орынбасары С. Бейскеев,  мәслихат төрағасы Ө.Баймағанбетов,  қаламыздың құрметті азаматтары, мекеме, бөлім басшылары, ауған соғысына қатысқан ардагерлер және қала тұрғындары қатысты. Қаза тапқан жауынгерлердің ерлігі бір минут үнсіздікпен еске алынып, интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Сондай-ақ қалалық мәслихаттың төрағасы Өміржан Баймағанбетов, қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Азиз Абилкасимов және ардагерлер шараға қатыса алмаған интернационалист-жауынгерлер В.Клименко мен С.Радченконың шаңырақтарына барып, зор денсаулық пен қажымас қайрат тілеп қайытты.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА