Бүгін: 03.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мектебімізде құрылған «Даналық мектебі» клубы жұмысының аясында әкелер мен ағалар клубының жұмыстарын біріктіре отырып «Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» тақырыбында спорттық бағытта іс –шара өтті. Бұл іс –шараның басты мақсаты отбасындағы әке мен ағаның, оның ішінде әкенің отбасында жол бастайтын, өзінен кейінгілерге бағыт – бағдар көрсете отырып, тәрбиелейтін маңызды тұлға ретінде танылатын болса, аға – өзінің соңынан ерген інілері мен қарындастарына тірек, қорғаныш ретінде танылатын тұлға. 

Сонымен қатар отбасы мен мектеп арасындағы бала тәрбиесі бойынша жұмысты бірлесе  отырып жүзеге асыру, өзара тиімді де маңызды қарым – қатынасты қалыптастыру.

Ұлттық  құндылықтарымыз бен дәстүрімізді, оның ішінде ұлттық ойындар  мен қазақтың спорттық ойындарының маңыздылығы мен тәрбиелік құндылығын кеңінен насихаттау мақсатында осы шара барысында халқымыздың ұлттық спорттық ойындары мен спорт түрлері, өнері  бойынша  жарыс түрлері өткізілді.

Жарысты бастар алдында мектеп директоры К.Д. Махаметчин іс –шара қатысушыларын құттықтай отырып, оларға жақсы тілегін білдірді. 

Іс –шара барысында  мектебіміздің білім алушыларының әкелері мен ағалары арасында ұлттық ойындар мен спорттық  жарыстар өткізілді.  Екі команда «Бірлік» және «Сұңқар» командаларының мүшелері өзара жарыстарда жақсы жақтарынан көріне білді.

Осы өткізілген іс –шара барысында әкелер мен ағалар өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетті.

Іс –шара соңында қатысушылар «Ең күшті әке», «Ең алғыр әке», «Ең үздік спортшы», «Ең мықты аға», « Алғыр аға» номинациялар бойынша марапатталды.

«Даналық мектебі» клубы жұмысының шеңберіндегі жүргізіліп жатқан және болашақта жүргізілетін жұмыстар, соның ішінде  отырыстар мен кездесулердің әртүрлі тақырыптары үнемі жаңа қатысушыларды тартуға және білім алушыларымыз бен олардың отбасына, мектептің ұжымына  жақсы жағына  ықпал ететіні анық.

М. Байкөжекова,

«№7 мектеп - интернат» КММ

директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары