Бүгін: 03.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының спортзалында  КСРО Қарулы Күштерінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі Керімбаев Борис Төкенұлына арналған волейбол жарысынан достық турнирі өтті.

Оған 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизион атынан 2 команда, 85510 байланыс батальоның командасы және Ақтас кенті мәдени-демалыс орталығының атынан бір құрама қатысты.

-              Турнир өте  тартысты өтті. Ярослав Гаврилюк әділ төреші бола білді.Турнирдың басы-қасында жүрген екі әскери бөлімнің жетекшілеріне, атап айтар болсақ: әскери сарбаздарды дайындап, алып келген  С-300 зениттік зымырандық дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, майор Бахтияров Рамазан Бахтияровичке, майор Серикбаев Аскар Кайроллаұлына  көптен-көп рақмет, - деп ризашылығын білдірді Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының мәдени ұйымдастырушы Жанар Султанбекова.

Сондай-ақ, спорттық шарада жас буын өкілдеріне патриоттық тәлім-тәрбие беруде сүбелі үлес қосқан Ауған соғысының ардагері, парашютпен секіру бойынша нұсқаушы Игорь Николаевич Шаравинге  Қарағанды қаласының «Әуе-десанттық әскерлерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігі атынан «Қара майор» төс белгісі табысталды.

Тартысқа толы турнирдің нәтижесінде Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы атынан шыққан команда 1-орынмен, 85510 байланыс батальоның командасы 2-орынмен, 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизион атынан ойнаған ойыншылар  3-орынмен марапатталды.

 Командалар жүлделі грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА